Студенттің ар-намыс кодексі

Әр студент қабылдайтын академиялық адалдық міндеттемесі.

Мен, Атырау университетінің студенті, оқу қызметінің барлық түрлерінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға міндеттеме аламын. Тапсырмаларды өз бетімше орындауға, дереккөздерді дұрыс пайдалануға және рәсімдеуге, плагиатқа, көшіруге, жалғандыққа және өзге де адал емес мінез-құлыққа жол бермеуге міндеттенемін. Өз сөзім мен әрекетім үшін жеке жауапкершілікті сезінемін, оқытушылар мен білім алушылардың зияткерлік еңбегін құрметтеймін және сенімге, әділдікке және өзара құрметке негізделген академиялық ортаны қалыптастыруға үлес қосамын.