Тәртіптік комиссия — білім алушылардың оқу тәртібін, академиялық адалдық қағидаттарын, әдеп нормаларын және ішкі тәртіп қағидаларын бұзу фактілерін қарайтын алқалы консультативтік-кеңесші орган. Комиссия Ректордың бұйрығымен құрылады және бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді.
Негізгі міндеттері
- академиялық адалдық қағидаттары мен әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- тәртіптік жағдайларды жан-жақты, объективті және алқалы түрде қарау;
- тәртіптік ықпал ету шаралары туралы шешім қабылдау;
- профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Бұзушылықтар қызметтік жазбалар, актілер және өзге де растайтын құжаттар негізінде қаралады. Отырыстар хаттамаланады. Комиссия алқалылық, объективтілік, жариялылық және білім алушылардың құқықтарын сақтау қағидаттарын қамтамасыз етеді.