Мақсаттар мен міндеттер

Университет академиялық адалдық саласында не істейді.

Мақсатымыз — университетте білім, баға және ғылым адал еңбекке сүйенсін, ал әр адам ережені біліп, күмәнін сұрай алатын болсын.

  1. Қағидатты енгізу

    Адалдық ережесін оқу үдерісі мен ішкі құжаттарда түсінікті ету.

  2. Әділ бағалау

    Өлшемді алдын ала айту және бәріне бірдей қолдану.

  3. Плагиаттың алдын алу

    Көшіруді, жасырын дәйексөзді және бөтен жұмысты өз атыңмен тапсыруды болдырмау.

  4. Студент мәдениеті

    Дәйексөз, топтық жұмыс және емтихан тәртібін үйрету.

  5. Оқытушы құзыреті

    Тапсырманы, тексеруді және ЖИ шартын анық қою.

  6. Зерттеу этикасы

    Авторлық, дерек және жарияланым адалдығын сақтау.

  7. ЖИ саясаты

    Қай тапсырмада құралға болатынын, қайда болмайтынын ашық айту.

  8. Әділ қарау

    Бұзушылықты асықпай, бірдей тәртіппен қарау.

  9. Ашықтық

    Сұраққа жауап беру және пайдалы ресми дереккөзді көрсету.