Жасанды интеллектіні адал пайдалану

ChatGPT, Gemini, Copilot және басқа құралдарды қашан, қалай пайдалануға болады.

Жасанды интеллектке толық тыйым да, толық рұқсат та жоқ. Шекараны тапсырманың шарты, оқытушы және университеттің ережесі белгілейді.

Рұқсат етілуі мүмкін

Идея іздеу, күрделі тақырыпты түсіндіріп сұрау, құрылымды ойластыру, тілді тексеру — егер тапсырма шарты рұқсат етсе.

Көрсету керек

Құрал мәтін, код, аударма немесе құрылым ұсынса — қай құрал, қай кезеңде пайдаланылғанын жұмыста қысқаша көрсетіңіз.

Рұқсат етілмейді

Жұмысты толық құралға жаздырып, өз атыңызбен тапсыру; тыйым салынған емтиханда пайдалану; жоқ дереккөзді қосу; тексерілмеген жауапты шын дерек ретінде беру.

Жұмыстың мазмұны мен ақпараттың дұрыстығына білім алушының өзі жауап береді.