2026 жылдың 15 қазанында Инновациялық білім беру факультеті, Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01407 – Дене шынықтыру және спорт (ІР) білім бағдарламасының студенттеріне волейбол және дзюдо спорт түрлерінен шебер сағаты өтілді.
Мастер-класқа арнайы шақыртылған Баскетболдан ҚР Спорт шебері, ҚР жастар арасында 2 дүркін чемпионы, Абай орталығы спорт мектебінің бапкері Қазақстан Республикасы кадеттер құрамасының жаттықтырушысы, Атырау облыстық кадеттер ұлдар құрамасының аға бапкері Утешов Султан Маратович пен Халықаралық спорт шебері Жұмабеков Ислам өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мақсаты: Қатысушыларға волейбол және дзюдо спорт түрлерінің ерекшеліктерін таныстыру, негізгі әдіс-тәсілдерін үйрету, дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылығын ояту.
Мастер-класс басталмас бұрын қатысушыларға жалпы дене қыздыру жаттығулары орындатылады.
· Бір орында жүру және жеңіл жүгіру.
· Қолды, иықты және шынтақты айналдыру.
· Белді және тізені айналдыру жаттығулары.
· Отырып-тұру және аяқ бұлшықеттерін қыздыру.
· Жеңіл секіру және қозғалыс үйлесімділігін дамыту жаттығулары.
Жаттығулар барысында дұрыс тыныс алу, қозғалысты дұрыс орындау және қауіпсіздік ережелерін сақтау түсіндірілді.
Сонымен қатар, Дзюдо – Жапонияда пайда болған жекпе-жек спорты. Оның негізгі қағидалары күшті тиімді пайдалану, қарсыласқа құрмет көрсету, өзін-өзі бақылау және тәртіп сақтау болып табылатындығы және адамның физикалық дайындығын ғана емес, мінез-құлқын, төзімділігін және жауапкершілігін де қалыптастыратындығы айтылды.