«Аутизм және мектеп: ерекше балаларға ерекше қолдау» атты дөңгелек үстел өтті
2026 жылдың 02 сәуірінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінің Психология және педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен 2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні қарсаңында «Аутизм және мектеп: ерекше балаларға ерекше қолдау» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты- аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды мектеп жағдайында тиімді оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін және оларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді жолдарын анықтау.
Дөңгелек үстел жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, инклюзивті білім беру ресурстық орталықтарының басшылары, логопедтер, психологтар, ата-аналар және білім алушылар қатынасты. Атап айтар болсақ, кафедраның қауымдастырылған профессоры, пс.ғ.к. Н.Т. Иманғалиева, Жүректен-жүрекке қоғамдық қоры жанынан ашылған «Венера» инклюзивті дамыту орталығының басшысы Г.С. Ермұханова, «Дарын» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының ата-анасы Н.Қ. Кужантаева, «ZeYin» ерекше балалар орталығы басшысының орынбасары, логопед Ж.Т. Сисен, коррекциялық кабинет психологы Д.Мажитова, ата-ана А.Н. Изтурганова және студенттер.
Қатысушылар келесі негізгі бағыттар бойынша баяндама жасап, пікір алмасады: аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне тиімді енгізу – қазіргі инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерінің бірі екендігі, білім алушылардың танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру арнайы педагогикалық қолдауды талап ететіндігі қарастырылды.
Мектеп жағдайында аутизмі бар балаларға қолдау көрсету – тек білім берумен шектелмей, олардың әлеуметтенуіне, эмоционалдық тұрақтылығына және дербес өмір дағдыларын қалыптастыруға бағытталандығы және бұл ретте мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, ата-анамен тиімді байланыс, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, сондай-ақ заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану ерекше маңызды екендігі баяндалды.
Инклюзивті ортада аутизмі бар балаларға қолдау көрсету жүйесі жеке білім беру траекториясын құруды, бейімделген бағдарламаларды қолдануды және оқыту процесін дараландыруды қамтиды. Мұндай тәсіл білім алушының әлеуетін ашуға және оның қоғамда толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстелді қорыта келе, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеу – жан-жақты, жүйелі және ғылыми негізделген қолдауды талап ететін күрделі үдеріс. Мұндай білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған инклюзивті білім беру ортасы олардың танымдық дамуына ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бейімделуіне, коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына және тұлғалық дамуына оң әсер ететіндігі мәлім. Ерекше балаларға көрсетілетін қолдау – мұғалім, психолог, ата-ана және басқа да мамандардың өзара тығыз байланысы мен кәсіби ынтымақтастығының нәтижесінде тиімді жүзеге асады. Білім беру процесінде жеке тәсілдерді қолдану, бейімделген бағдарламаларды енгізу және заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану – олардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір білім беру ұйымында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы орта қалыптастыру, сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін дамыту және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі деп білеміз