Жобалар
Жобалар
Жобалар
Тіркеу нөмірі (ЖСН) және жобаның атауы – № ЖТН DP23691820. «Физикадан толықтырылған шынайылықтың динамикалық бейнелері мен интерактивті модельдері негізінде оқу құралын әзірлеу»
Жоба жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Б.У.Куанбаева
Жоба мақсаты: Физиканы оқу үдерісінде психологиялық-педагогикалық және әдістемелік талаптарды қанағаттандыратын толықтырылған шынайылық негізінде инновациялық оқу құралын әзірлеп, әдістемелік қамсыздандыру.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы: Жоба нәтижесінде физика пәні бойынша толықтырылған шынайылықтың интерактивті модельдері мен динамикалық бейнелеріне негізделген оқулық дайындалады.
Шарттың тіркеу нөмірі және күні: №70. 29 тамыз 2024 жыл.
Грант алушының атауы: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "TORUS.KZ".
Іске асыру кезеңі: 2024-2026 жж.