ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Ғылым саласы: Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Кафедра: Физика және техникалық пәндер.
Ғылыми мектеп атауы: Инновациялық технологияларды білім беруде қолданудың мүмкіндіктері мен проблемалары
Мақсаты: Білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды қолдану негізінде жоғары мектептің зияткерлік әлеуетін күшейту
Міндеттері:
- Цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті, виртуалды зертханаларды және STEM-платформаларды қолдану бойынша ғылыми –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Интерактивті оқыту әдістерін енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері: мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін айқындау бойынша зерттеулер жүргізіп, басылымдарда мақала жариялау.
- Жас ғалымдарды ҒЗЖ қаржыландыруға тарту.
- Физиканы оқытуда инновациялық технологияларды тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу: мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар дайындау.
- Эксперименттік зерттеулер жүргізу: инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім сапасына әсерін бағалау.
- STEM-оқыту әдістерін дамыту: физиканы жаратылыстану-математикалық бағыттағы басқа пәндермен ықпалдастыра оқыту мүмкіндіктерін қарастыру.
Ғылыми мектеп жетекшісі: Куанбаева Баян Улжагалиевна
Ғылыми мектеп құрамы: Куанбаева Б.У, Жусупкалиева Г.К., Рахметова М.Т., Тумышева А.А., Рахметов М.Е., Жугенбаева Б.А., Бейімбет У. Ыбырай Н.А., Упишева А.М., Нысанбай Н., Алиева А.