Ұрпаққа үлгі – Ардагер тағдыры
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті.
Шара барысында Атырау университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова, әскери кафедраның бастығы, запастағы полковник Руслан Наурызбеков, запастағы полковник Асқар Шманов, ҚР Қорғаныс министрлігі «Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» бастығы, полковник Эльдар Шингалиев, Ауған соғысы ардагерлерінің Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Әлішер Кулов сынды бірқатар қонақтар ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен өмір жолы жас ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.
Іс-шара аясында Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Ауған асуында от кешкендер» атты көрме таныстырылды. Көрмеге қойылған тарихи құжаттар, фотосуреттер мен деректер қатысушыларға соғыс жылдарының шынайы келбетін көрсетті.
Шарада студенттер ардагерлерге сұрақтар қойып, мазмұнды сұхбат өрбітті. Сондай-ақ, қатысушылар патриоттық әндер шырқап, күй тартып, кештің мазмұнын әсерлі ете түсті.
Жиында Ауған соғысы ардагерлеріне Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисовтің атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
📷 Дополнительные изображения