«Мектептегі ТПП-дағы жанжалдарды басқару» тақырыбында қонақ тренинг өтті
«Психология және педагогика» кафедрасы «Білім беруді басқару» пәні бойынша педагогикалық салада оқитын 4 курс студенттеріне «Мектептегі ТПП-дағы жанжалдарды басқару» тақырыбында қонақ тренинг өткізді. Тренингті ОП 7М01901-Логопедия мамандығының 2(2) курс студенті – Ержанова Гүлмира Мұхамедиарқызы, п.ғ.к., Психология және педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мутәлиева Дәреже Рашидқызының жетекшілігімен жүргізді.
Бұл тренингтің мақсаты қатысушыларға мектептің ТПП білім беру ортасына тән қақтығыстарды шешудің тиімді стратегияларын көрсету және үйрету болып табылады. Тренинг студенттерге нақты өмірдегі жанжалды жағдайларды шешу үшін теорияны тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақ кезінде студенттер: педагогикалық кейстерді талдап, жанжалдағы әрекет ету стратегияларын игеріп, күрделі қарым-қатынас жағдайларында тиімді шешімдерді табуды үйренді. Тренинг белсенді, интерактивті форматта, қызу пікірталас пен қатысушылардың белсенділігімен өтті. Мәнді, тәжірибеге бағытталған және пайдалы іс-шара үшін Дәреже Рашидқызы мен Гүлмира Мұхамедиарқызына алғысымызды білдіреміз!