Media Image
12.12.2025 18

«Мектептегі КПП-дағы конфликттерді басқару» атты қонақ дәріс өтті

«Психология және педагогика» кафедрасы «Білім беруді басқару» пәні бойынша ОП 6В01703-Шетел тілі: екі шет тілі мамандығының 4 курс студенттеріне «Мектептегі КПП-дағы конфликттерді басқару» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді. 7М01702 "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы бойынша 1 (2) курс магистранты Қылышбек Нұрикамал Дүйсембіқызы, Психология және педагогика кафедрасының п.ғ.к., қауымд.профессоры Мүтәлиева Дәреже Рашидқызының белсенді қолдауымен дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты – болашақ шет тілі мұғалімдері сабақта қолдана алатын нақты, жұмыс әдістерін көрсету.

Кездесу барысында студенттер теориялық негіздерін үйреніп, қазіргі мектептің көптілді және мәдениетаралық ортасына бейімделген қақтығыстарды басқарудың қолданбалы құралдарын меңгерген. Қызу пікірталас, практикалық мысалдар мен пайдалы кейс  жағдайлар болды. Сабақ белсенді, серпінді және нағыз кәсіби атмосферада өтті. Танымдық, тәжірибеге бағытталған және өзекті лекция үшін Дәреже Рашидқызы мен Нұрикамал Дүйсембиқызына алғысымызды білдіреміз!