Media Image
07.01.2026 148

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді

2026 жылғы 6–7 қаңтар күндері Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің базасында Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 1675/15-11-04 хатына сәйкес 9, 10 және 11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, физика, химия, биология және т.б.) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ және орыс сыныптарындағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, француз тілі, Қазақстан тарихы және т.б.) пәндерін қамтыды.

Аталған іс-шара аясында университеттің кәсіби бағдар беру және маркетинг бөлімдерінің қызметкерлері мектеп басшыларына, пән мұғалімдеріне және 11-сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар тізімі, оқу шарттары мен қабылдау талаптары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, университет мамандықтары көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды.

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша олимпиада жеңімпаздарына Ректор грантын тағайындайды.