Media Image
26.12.2025 185

UI GreenMetric және тұрақты даму: Атырау университетіндегі маңызды семинар

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тұрақты даму және UI GreenMetric халықаралық рейтингі бағытында семинар өтті. 

Семинар университеттің тұрақты даму саласындағы стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыруға, экологиялық саясатты, ESG қағидаттарын және климаттық күн тәртібін білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастыруға бағытталған. 

Жиында профессор, э.ғ.д., ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Гульбазар Медиева дәріс оқып, практикалық тәжірибеге негізделген нақты ақпараттарымене бөлісті. Сарапшы университеттердің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыру жолдарына кеңінен тоқталды.

Семинар барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) іске асыру, жасыл экономика және ESG тәсілдері, климаттың өзгеруі, көміртек бейтараптығына көшу, университет кампустарын экологиялық трансформациялау, сондай-ақ білім беру мен ғылыми зерттеулерді халықаралық рейтингтермен үйлестіру мәселелері талқыланды.

Семинарға Атырау облысы бойынша экология департаменті және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, семинар бұған дейін онлайн форматта өтіп, 25–26 желтоқсан күндері офлайн кезеңмен қорытындыланды. Іс-шара соңында 42 қатысушыға сертификаттар табысталды.

📷 Дополнительные изображения