Media Image
19.12.2025 95

UI GreenMetric World University Rankings – 2025 нәтижелері

UI GreenMetric World University Rankings–2025 жаһандық рейтингінің қорытындылары жарияланды. Биыл рейтингке әлемнің 105 елінен 1 745 университет қатысты.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әлемдік рейтингте 687-орынға ие болды. Сонымен қатар университет Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рейтингке енген 30 университеттің ішінде 6-орынға тұрақтады.

Былтырғы рейтинг нәтижелерімен салыстырғанда университеттің әлемдік деңгейдегі салыстырмалы позициясы жақсару динамикасын көрсетіп, Қазақстан ЖОО-лары арасындағы орнын нығайта түсті.

Бұл нәтиже университетте тұрақты даму, экологиялық инфрақұрылымды жетілдіру, энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ тұрақты даму бағытындағы білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде дамытуға бағытталған кешенді жұмыстардың жемісі болып табылады.

Тұрақты даму – біздің стратегиялық бағытымыз.