Media Image
18.12.2025 88

«Тәуелсіздік — тұғырым» атты дебаттық турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Дінтану білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Тәуелсіздік — тұғырым» атты дебаттық турнир өтті. Танымдық мәні зор пікірсайыс барысында қатысушылар ел тәуелсіздігінің тарихи маңызы, ұлттық бірегейлік, зайырлы қоғам және рухани құндылықтар тақырыптарында өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады. Іс-шара студенттердің сыни ойлауын дамытып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, Қарахан мемлекетінің исламды қабылдағанына 1065 жыл толуына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ислам дінінің түркі өркениетінің дамуы мен мемлекеттілік тарихындағы рөлі кеңінен талқыланды. Студенттер ғылыми деректерге сүйене отырып, мазмұнды пікірлер ұсынды.

 Іс-шараға Дін істері басқармасының басшысы Мусаев Қахарман Рахметұлы қатысып, Тәуелсіз Қазақстан жағдайында діни тұрақтылықты сақтау, зайырлы қағидаттарды нығайту және жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша белсенді студенттер марапатталды. Ерекше атап өтерлік жайт — Дінтану білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Нұршаханов Райымбек оқу үлгерімі мен қоғамдық белсенділігі үшін 50 пайыздық білім беру грантына ие болды