«Тәуелсіздік құндылықтары: тарих сабақтары және Әділетті Қазақстан»
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Тәуелсіздік құндылықтары: тарих сабақтары және Әділетті Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Тәуелсіздік тарихын терең зерделеуге, тарихи сананы жаңғыртуға және Әділетті Қазақстан құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
Жиын модераторы “Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы” ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов Сайпулла болды.
Дөңгелек үстелді университеттің Басқарма төрағасы–ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлы ашып, қатысушыларды құттықтап, Тәуелсіздіктің тарихи маңызы мен оның құндылықтарын жас ұрпақ санасына сіңірудің өзектілігіне тоқталып, жиынға сәттілік тіледі.
Шара барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағымов Шахман Нағымұлы «Желтоқсан оқиғаларының сабақтары» тақырыбында баяндама жасап, ел тарихындағы бұл кезеңнің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ҒЗИ-дың аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Аққали Қабижанұлы «Атыраудағы Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел аясында аталған ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамиға Тәжікқызы «Тәуелсіздік тарихының тасасындағы тарихи тұлғалар» тақырыбында баяндама жасап, автордың «Құжаттар жинағы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
📷 Дополнительные изображения