Media Image
12.12.2025 127

Атырау университетінде гибридті кадр даярлау моделіне көшу мәселесі талқыланды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Дәстүрлі білім беру бағдарламасынан гибридті кадр даярлау моделіне көшу» тақырыбында семинар өтті. Шараға факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты. Семинар спикері - академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Асхат Чукуров. Семинар барысында қазіргі еңбек нарығының талаптары, дипломның өзектілігі және жаңа форматтағы оқу бағдарламаларының рөлі туралы мәселелер көтерілді. Асхат Ералыұлы гибридті оқыту моделінің артықшылықтарын атап өтіп, болашақ кадрларды даярлауда дипломмен бірге шағын сертификаттық бағдарламаларды енгізудің қажеттілігін айтты. “Гибридті оқу бағдарламасы студентке тек негізгі білім ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығында қажетті нақты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді”,_ дейді Асхат Ералыұлы. Жиында бірнеше ұсыныстар талқыланды: 1. Білім беру бағдарламаларын жаңарту және онда заманауи кәсіби дағдылардың көрініс табуын қамтамасыз ету; 2. Студенттердің дағдылар портфолиосын қалыптастыру және оны оқу үдерісіне енгізу. 3. Coursera курстарын реестрге енгізу. Семинар соңында семинарға қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

📷 Дополнительные изображения