Media Image
11.12.2025 85

“Жүрегіме жақын жырлар” атты әдеби кеш өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ғылыми кітапхана, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі және университеттің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған “Жүрегіме жақын жырлар” атты әдеби кеш өтті. Шара барысында студенттер ақынның бай шығармашылық мұрасын көпшілікке таныстырып, жүрекке жақын жырларынан әсерлі үзінділер оқыды. Әсіресе облыстық және қалалық Жұмекен оқуларының жеңімпаздары көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Кеште тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Аққали Қабижанұлы ақынның өмір жолына, тарихта қалған өшпес іздеріне және тағылымды оқиғаларына тоқталып, мазмұнды әңгіме өрбітсе, педагогика ғылымдарының магистрі Ескалиева Жанаргүл Амантайқызы жас ұрпақты рухани тәрбиелеудегі аталған шаралардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлзира Аяпова қолдау көрсетіп, кафедра студенттерінің белсенді қатысуына жағдай жасады. Кеш соңында Ғылыми кітапхананың жетекші маманы Ибрашева Зәуреш қатысушыларға алғыс білдіріп, естелік ретінде құнды кітаптарды сыйға тартты.