“MEDIA INTELLEKT” ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ!
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде креативті байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты – Журналистика және ақпарат мамандығында оқитын студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдау, білімін толықтыру. Төрт кезеңге бөлінген байқауда командалар видео ролик жасау, сторителлинг , QUIZ және кризис симуляциясы сынды кезеңдерден өтті. Креативті додаға белгілі журналист, “Caspian News” телеарнасының бас редакторы Жанар Низамутдинова мен оқытушы-профессорлар құрамы төрелік етті. Сайысқа факультет деканы Сәлімгерей Аймұратов қолдау көрсетіп, құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Байқауда барлық командалар арасынан төрт кезеңнің тапсырмасынан сүрінбей өткендер жеңімпаз атанды: 🥉2 курс студенттерінен құралған “RealNews” тобы – 3-орын. 🥈 3-курстардың “For exclusive” командасы – 2-орын. 🥇 Қазылар алқасын таңқалдырған “Qalam” командасы – 1-орын. “Біз үнемі теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда қиналамыз. Бұны Астанада өткен пәндік олимпиадада 2-орын алған кезде байқадық. Сондықтан мамандық бойынша сайыс өткізу идеясын кафедрадағы ұстаздарыма айттым. Бірден қолдап тапқан сайыс – алдағы уақытта дәстүрге айналса”, – дейді идея авторы, студент Сәнім Марат. “MEDIA INTELLEKT” жас журналистерге өз әлеуетін танытып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мотивация беретін маңызды тәжірибе алаңына айналады деп сенеміз!