Media Image
09.12.2025 120

«Адал білім – адал ұрпақ»

Астана қаласында өткен «Адал білім – адал ұрпақ» білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерлетуге арналған республикалық форумына университет ұжымы онлайн форматта қатынасты. Жиынға Атырау университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бақыт Алтынбасов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Айнұр Еңсегенова қатысты ⏳Айта кетейік, форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, білім беру жүйесіндегі адалдық пен ғылым жолындағы тазалық жөнінде сөз сөйлеп, үшжақты келісілген меморандумға қол қойды. Аталған жиында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлы «Жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдықты қамтамасыз етудің стратегиялық тетіктері» тақырыбында баяндама жасады. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті академиялық адалдықты оқу орнының басты құндылығы әрі стратегиялық даму бағыты ретінде айқындап отыр. Академиялық адалдық – әділдік пен сенімнің, ал сенім – сапалы білім мен дамудың негізгі алғышарты. Университетте соңғы жылдары адалдық мәдениетін күшейтуге бағытталған бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды: Антикоррупциялық комплаенс қызметі құрылды; Академиялық адалдық кодексі қабылданды; Емтихандар толық прокторинг арқылы өткізіледі; Антиплагиат жүйесі міндетті түрде қолданылады; ISO 37001:2016 стандарты енгізілуде; AI-Sana академиялық адалдық модулі әзірленіп жатыр. Сонымен бірге өңірлік «Жаңару» ғылыми орталығы ашылып, сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Студенттердің адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» және «Халел Досмұхамедұлы және адал азамат» пәндері оқытылады. Жастар арасында адалдық құндылықтарын нығайту бағытында волонтерлік, экологиялық және дебаттық жобалар сәтті жүзеге асуда.

📷 Дополнительные изображения