"Абай Құнанбайұлының қара сөздері -рухани кемелдік жолы"
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кітапханасында Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының №34 көпсалалы мектеп-гимназиямен бірлескен «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ – РУХАНИ КЕМЕЛДІЛІК ЖОЛЫ» тақырыбында әдеби-танымдық зияткерлік сайыс өтті.
Сайыс барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің философиялық астарлы ойларына терең үңіліп, әдеби-танымдық талдау жасады. Ал екінші бөлімінде синквейн әдісі бойынша қара сөздері туралы толыққанды мәлімет берді. Үшінші бөлімде ақын қара сөздері бойынша постер қорғады.
Нәтижесінде, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері жоғары дәрежеден көрінді.
Ал мектеп оқушылары А.Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп, жатқа оқуда ерекшелік танытты.
Ғылыми кітапхана қызметкерлері ақын шығармашылығы бойынша кітап көрмесін жасақтап, Абай Құнанбайұлы әдеби мұрасы және ақынды зерттеген ғалымдар еңбектері туралы таныстырды.
Сонымен бірге №34 көпсалалы мектеп-гимназия тарапынан студенттерге «Абай қара сөздері» кітабы сыйға тартылса ,университет тарапынан мектеп ұжымына ректордың Алғыс хаты және Қ.Ө.Жүсіптің «Қазақ романсының патшасы» атты І.Жақанов шығармашылығына арналған монографиясы табысталды.