Media Image
24.11.2025 73

Атырау университетінде "Ұстаз мұрасы" атты ерекше кездесу өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде таэквондо спортын елімізде дамытуға зор үлес қосқан, халықаралық дәрежедегі шебер, қара белдіктің 6-дан иегері Мұстафа Өзтүрікке арналған мазмұнды кездесу өтті. 

Кездесуге оның қызы Неслихан Өзтүрік, інісі Өмір Тәйжі, сондай-ақ Мұстафа орталығының директоры Қайрат Қырғызбаев, облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Садықов және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы қатысты. Қонақтар Мұстафа Өзтүріктің күрескерлік жолы мен ұлттық рухты көтерудегі еңбегі жайлы құнды ойларымен бөлісті. 

Сонымен бірге Балауса шағынауданында Мұстафа Өзтүрік есімі берілген жаңа көше мен оның рухына арналған саябақ ашылғаны айтылды. Бұл – қазақ таэквондосының негізін қалаған тұлғаға көрсетілген үлкен құрмет. 

Студенттер шара барысында өнер көрсетіп, қонақтарға ерекше рухани әсер сыйлады. 

Мұстафа Өзтүрік – ұлттық намыс пен тәртіптің символы. Оның мұрасы – жас ұрпақ үшін өнеге.

📷 Дополнительные изображения