Media Image
21.11.2025 51

«Ш. Уәлихановтың ғылыми-публицистикалық мұрасы және қазіргі заман»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Ш. Уәлихановтың ғылыми-публицистикалық мұрасы және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың еңбектерін қазіргі қоғаммен байланыстыра қарастыру және оның мұрасының журналистика саласындағы орнын көрсету.

Шараны Журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.докторы Бекежан Өмірбек Қадырханұлы ашып, қатысушыларға шараның мәні мен мақсаттарын таныстырды.

Дөңгелек үстелге Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ғылыми-сараптамалық, медиация және этносаралық қатынастарды талдау және бақылау бөлімінің басшысы Ислямова Айнагүл Берікқызы, сондай-ақ осы мекеменің бас сарапшысы Темірбаева Шынаргүл Жанаевна және Дінтану, Журналистика және ақпарат мамандығының студенттері қатысты.

Қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Шоқанның мұрасының маңыздылығына ерекше тоқталды. Аға оқытушы Қайырова Гүлсара Жоламанқызы «Петербуркте жоғары бағаланған еңбегі мен есебі» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелді сеньор-лектор, магистр Нұрланова Нұргүл Нұрланқызы жүргізді. Кафедра оқытушылары мен студенттер өз баяндамаларында Шоқанның публицистикалық және ғылыми мұрасының қазіргі журналистикадағы маңыздылығын атап өтті.

Студенттер «Егер Шоқан бүгін өмір сүрсе…» атты креативті бейне жобаларымен танысты. Шара соңында белсенді қатысқан оқытушылар мен студенттерге алғыс хаттар табысталды.

Дөңгелек үстелде Шоқан Уәлихановтың ғылыми-публицистикалық мұрасының бүгінгі қоғаммен тығыз байланысты екені атап өтілді. Қатысушылар оның еңбектерінің журналистика үшін маңызын талдап, студенттер креативті жобалар арқылы Шоқан мұрасының өзектілігін көрсетті. Шара жас ұрпаққа рухани бағыт беретін тұлғаның мұрасын дәріптеуге арналды.