“Заң және тәртіп” жобасы аясында студенттермен құқықтық кездесу өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде экономика және құқық факультеті, азаматтық құқықтық пәндері кафедрасы және Атырау облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Заң және тәртіп” жобасы аясында студенттермен құқықтық маңызы зор кездесу өтті.
Шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру және кәсіби бағдар беру.
Кездесуге дінтанушы, тарихшы Ернар Абзалұлы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Марьяна Джанғалиева, бас криминалист Жәрдем Тағаев, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының полиция капитаны Дәурен Мұханбетәлиев және полиция капитаны Айдын Лұқпанов қатысты.
Спикерлер жастар арасында діни сауаттылық, есірткі қылмысының алдын алу, криминалистика, киберқылмыстардың түрлері және полиция органдарына жұмысқа орналасу тәртібі туралы маңызды ақпарат берді.
Іс-шара Студенттер күнімен орайласып, Заң клиникасының белсенді студенттеріне Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Шара соңында кинолог мамандар «Хан» атты қызметтік иттің көмегімен есірткі затын анықтау тәсілін көрсетіп, студенттерге практикалық тәжірибе ұсынды.
#заңжәнетәртіп #заңментəртіп #законипорядок #алаяқтардытоқтатайық #cybercrimekz