«Бизнес жоспарлау» пәні бойынша қонақ дәрісі өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, экономика ғылымдарының кандидаты Л.Б. Избасарова және PhD Р.У. Мугауинаның ұйымдастыруымен «Бизнес жоспарлау» пәні бойынша қонақ дәрісі өтті.
Дәріске «6В04101 – Экономика», «6В04104 – Бизнес процестерінің есебі, аудиті және талдау», «6В04103 – Экономика және мемлекеттік басқару», «6В04102 – Саладағы менеджмент», «6В04102 – Қаржы және аналитика» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Қонақ ретінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің сарапшысы Иманов Амангелді Нысанғалиұлы және Атырау облысы Жастар Мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, кәсіпкер, «Mebelita» жұмсақ жиһаз цехінің басшысы Джетписова Гулжанат Омирбаевна шақырылды.
Спикерлер кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін гранттар туралы маңызды ақпарат беріп, Гулжанат Омирбаевна бизнесті жоспарлау мен маркетинг бойынша өзінің бірегей тәжірибесімен бөлісті. Ол бизнес құру кезеңдері, тұтынушыларды талдау, бәсекелестерді зерттеу, сұранысты анықтау, SWOT-талдау, қаржылық жоспарлау, шығындар мен жарнама жүргізу туралы кеңінен түсіндірді.
Кәсіби тәжірибеге негізделген бұл қонақ дәріс жоғары деңгейде өтіп, студенттер үшін пайдалы білім мен практикалық бағыт-бағдар берді.