«Алаяқтықты тоқтатайық!» бейнероликтер байқауы өз мәресіне жетті
Х7Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Алаяқтықты тоқтатайық!» атты бейнероликтер байқауы өтті.
Байқауға 1–4 курс студенттері қатысып, алғашқы кезеңге 50 бейнеролик ұсынылды. Комиссиялық іріктеу нәтижесінде техникалық және мазмұндық талаптарға сай келген 11 үздік жұмыс екінші кезеңге өтті. Бұл бейнероликтер Instagram әлеуметтік желісінде #АлаяқтардыТоқтатайық, #ЗакониПорядок және #CyberCrimeKZ хэштегтерімен жарияланды.
11 қараша күні өткен қорытынды отырыста жеңімпаздар анықталды:
1-орын – Тажкенов Диас (Экономика және құқық факультеті)
2-орын – Кенжеғалиев Мирас (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)
3-орын – Серік Нұрсәуле (Экономика және құқық факультеті).
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында интернет қауіпсіздігі мен алаяқтықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру.
Байқаудың жеңімпаздарын анықтау ісі арнайы комиссияның қатысуымен өтті. Комиссия құрамында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор Ляйля Ерболатқызы Қойшығұлова, Атырау облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Даурен Максимович Мұханбеталиев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің офицері Шыңғыс Нұржанұлы Мұхамбетқалиев, Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Гүлмира Наурызбаевна Бахшатова, сондай-ақ Жастар саясаты департаментінің бөлім басшысы Сайран Сабырұлы Сейфуллин болды.