“Мемлекеттік басқарушылық шешім және басшының жауапкершілігі”
Экономика және құқық факультеті менеджмент кафедрасының 6В04103–Экономика және мемлекеттік басқару ББ 4 курс студенттеріне “Мемлекеттік басқарушылық шешім және басшының жауапкершілігі” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәрісті Атырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Нургалиева Марта Насиповна өткізді.
Дәріс барысында Атырау облысы әкімі аппаратының құрылымы, жұмыс жасау принциптері туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар әкім шешімдерінің қабылдану процессі, олардың орындалу барысы айтылды.
Қорытынды бөлімде мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа тәртібі таныстырылып, студенттер өз сұрақтарына жауап алды.