Media Image
01.10.2025 87

«Қазақ хандығына 560 жыл: тарих және қазіргі кезең» атты ғылыми семинар өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы мен Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығына 560 жыл: тарих және қазіргі кезең» атты ғылыми семинар өтті.

Семинарға тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, шетелдік ғалымдар, жас зерттеушілер мен магистранттар қатысты. Жиын барысында Қазақ хандығының тарихнамасы, Әбілқайыр хан әулетінің шежіресі, Арынғазы хан күресі, сондай-ақ империялық Ресейдің кеңею саясаты сынды тақырыптар талқыланды.

Семинар жұмысына Витаутас университетінің (Литва) профессоры Доминианкас Бурьба мен Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің докторанты Сайд Хаваринежад арнайы қатысып, өз зерттеу бағыттары бойынша баяндама жасады.

Жиынды тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Лесқали Бердіғожин қорытындылап, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.