Media Image
15.09.2025 68

Жасанды интеллектінің білім берудегі мүмкіндіктері талқыланды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді қоғамда кеңінен түсіндіру мақсатында «Жасанды интеллект мамандарын дайындаудағы мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында жасанды интеллект саласының қазіргі даму үрдістері мен оны білім беру жүйесіне енгізу жолдары сөз болды. Университеттің информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мақсот Рахметов жасанды интеллектіні ерте кезеңнен қолға алудың маңыздылығын атап өтті.

⁃ Болашақта кадр даярлау ісінде жасанды интеллект ерекше рөл атқарады. Сондықтан оны мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім беру жүйесіне енгізу қажет. 2025-2027 жылдарға «Жас ғалым» грантын ұтып алдым. Мен осы бағытта жасанды интеллект қолданылатын жаңа қашықтықтан оқу бағдарламасын әзірледім. Бағдарлама ішінде білім алушылар өз қателіктерінің диагностикасын көре алады. Бұл кері байланыс үшін өте жақсы, – деді М.Рахметов.

Дөңгелек үстелге атыраулық жоғары оқу орындардың профессор-оқытушылары мен ғалымдары, студенттер қатысты.

file
file
file