Media Image
03.09.2025 31

Атырау университетінде жаңа проректор тағайындалды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Директорлар кеңесінің шешімімен Алтынбасов Бахыт Өмірханұлы стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор лауазымына тағайындалды.

Бахыт Өмірханұлы – білім саласында мол тәжірибесі бар білікті маман. Ол Ұлыбританияның Бристоль университетінде «Жоғары білім беру саласындағы көшбасшылық, саясат және басқару» мамандығы бойынша білім алып, білім беру менеджменті бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғаған. Сондай-ақ, заң ғылымдарының кандидаты. 2011 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанған.Атырау университеті ұжымының атынан Бахыт Өмірханұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, университетіміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттырудағы, білім мен ғылым саласындағы атқарар еңбегіне сәттілік, толағай табыс, биік жетістіктер тілейміз!