
Атырау университетінде Тоғызқұмалақ күні аталып өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 9 қыркүйек – Тоғызқұмалақ күніне арналған шара өтті.
Ұлттық құндылығымызды насихаттаған спорт жиынына оқу ордамыздың студенттері, профессор-оқытушылар кұрамы және оқушылар белсене қатысты.
ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізген ұлттық ойынымызбен бүгінде Қазақстан бойынша 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде айналысады.
Іс-шараның ашылуында университеттің Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелеп жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық ойынды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, шараға Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақтан 9 дүркін чемпионы, жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Құрманбай Ашетов, сондай-ақ белгілі жаттықтырушы, ұлттық дәрежелі төреші Айнагүл Сүлейменова қатысты.
Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, естелік суретке түсті.


.jpeg)