
Ректор Альфия Тілекқабылды жеңісімен құттықтады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов 2025 жылы Гиза қаласында өткен IBSA Judo Grand Prix халықаралық турнирінің жеңімпазы, университетіміздің мақтанышы Альфия Тілекқабылды және оның жаттықтырушысы, білікті бапкер Жандос Қияновты қабылдады.
Ректор чемпионды жеңісімен құттықтап, әлемдік деңгейдегі жетістігінің ел абыройын асқақтатумен қатар, жастарға үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ спортшының табысты өнер көрсетуінде жаттықтырушысының еңбегі зор екенін ерекше айтып, алдағы байрақты бәсекелерге сәттілік тіледі.
Гиза қаласында өткен айтулы додада Қазақстан парадзюдо құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды. Осы жарыста 2024 жылғы Паралимпиада қатысушысы, Әлем кубогының жеңімпазы, Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің 2-курс студенті Альфия Тілекқабыл (-52 кг, J1) қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.
Бұл жеңіс – университетіміздің де, өңіріміздің де ғана емес, барша еліміздің зор қуанышы.
