
Университет ғалымдары гранттық қаржыландыруға ие болды
Бүгінде Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың нәтижесінде отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігі артып, елдің зияткерлік және инновациялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік туып отыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға ұлғаюда.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жетекші ғалымдары 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында жалпы сомасы 260 миллион теңгеден асатын ғылыми жобалар бойынша мемлекеттік гранттарға ие болды.
Ғылыми-техникалық жобаларға арналған гранттық конкурсы негізінде қаржыландырылатын жобалар:
- Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Идрисов С.Н жетекшілігімен AP26101249 «Мектептегі білім беруді тиімді және қауіпсіз геймификациялау тұжырымдамасын әзірлеу» жобасы;
- Химия ғылымдарының докторы, профессор Шамбилова Г.К. жетекшілігімен AP26100713 «Экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін екіншілік полимерлер мен лигнинді пайдалану арқылы төзімді асфальт-бетон жабындарын әзірлеудің іргелі негіздері» жобасы.
Сондай ақ, 2025-2027 жылдарға арнлаған «Жас ғалым» бағдарламасы аясында 2 жоба жеңімпаз болды:
- AP25795485 «Батыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі гидронимдердің лингвокогнитивті сипаты», жоба жетекшісі - Дауткулова А.К.
- AP25796073 «Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесін әзірлеу», жоба жетекшісі - Рахметов М.Е.
Аталған жобалар университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға және отандық ғылымды дамытуға елеулі үлес қосуды көздейді.
Университеттің ғалымдарын ғылым жолындағы жетістігімен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктеріңіз – жүйелі ғылыми ізденіс пен еңбектің жемісі. Алдағы уақытта да жаңа ғылыми жаңалықтар мен жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізе берулеріңізге тілектестік білдіреміз.