
12 маусым 2025
Университетте инклюзивті білім беру бойынша UPGRADE курс өтуде
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ұстаздық қызметтегі түлектеріне арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеудің әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Біліктілік курсы - ақысыз, ұзақтығы — 72 сағат. Бағдарламада инклюзивті білім берудің қағидаттары, ЕБҚ балалардың ерекшеліктері, педагогикалық-психологиялық сүйемелдеудің заманауи тәсілдері қарастырылады. Қатысушылар практикалық кейстер арқылы тәжірибе алмасып, сертификат алатын мүмкіндікке ие.
Кезекті тренингті педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрсұлу Иманғалиева жүргізді. Дәріскер мектептегі инклюзивті мәдениет пен білім беру мәселелерін кеңінен талқылап, өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
“Мектептегі инклюзивті мәдениет – жүректен басталады, инклюзивті білім беру – бұл тек ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қабылдау емес, әрбір оқушыны құрметтеу, түсіну және қолдау мәдениетін қалыптастыру. Мұндай ортада әр бала – маңызды, әртүрлілік – құндылық, ал қамқорлық – норма болары сөзсіз”, - деді профессор.
Аталған курс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған және алға қарай да жүйелі түрде өткізілетін болады.
