Media Image

11 маусым 2025

Әскери кафедра түлектері ант қабылдады

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде әскери кафедраның запастағы кіші сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша бітіруші түлектердің әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға студенттермен қатар, университет басшылығы, әскери сала қызметкерлері мен ардагерлері және ата-аналар қатысты.

Рәсім барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, запастағы әділет подполковнигі Серік Абсаматов, ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің Атырау облысы бойынша филиал төрағасы Асқар Шманов, Атырау университетінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ата-аналар атынан Гүлмира Зулкарнаева сөз алып, жас сарбаздарға ізгі тілегін жеткізді.

Айта кету керек, студент жастар әскери кафедраға түсу үшін, денсаулығы, физикалық дайындығы, күйзеліске төзімділігі мен оқу үлгерімі жөнінде іріктеуден өтіп, оқу барысында сынақтардан сүрінбей шыққан үздіктер қатарына енді.

Іс-шара барысында взводтардың әскери дайындық бойынша көріністері көрсетілді. Бірінші взвод қарумен және қарусыз саптық тәсілдерді орындап шеберліктерін паш етсе, екінші взвод қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

Салтанатты жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

file