Медиа ресурстар
ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ АРДАҚТЫЛАРЫ
Жаңалықтар

ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ АРДАҚТЫЛАРЫ

Атырау өңірінің басты байлығының бірі – қара алтын. Қазақ мұнайының тарихы – тек өндіріс пен экономикалық жетістіктердің шежіресі емес, осы саланың дамуына бар ғұмырын арнаған еңбек адамдарының тағдырымен сабақтасқан тарих.

📚 Мұнай саласының майталман мамандарының маңдай терін, кәсіби жолын, өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа жеткізу – бүгінгі буынның маңызды міндеттерінің бірі. Себебі ел тарихын еңбек адамдарының еңбегінсіз толық елестету мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеріп, олардың еңбегін дәріптеуге айрықша мән беріп келеді. Осы бағыттағы игі бастамалар аясында Атырау университетінің ғылыми кітапханасының қоры қазақ мұнайының дамуына елеулі үлес қосқан «Телішевтер әулеті» туралы жаңа кітаппен толықты.

📖 Кітапта бір әулеттің бірнеше буынының мұнай саласындағы қажырлы еңбегі, кәсіби жолы мен туған өлкенің өндірістік дамуына қосқан үлесі баяндалады. Кітаптың мазмұны мен маңызын университеттің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Нұрмұханұлы таныстырып, мұнай саласында еңбек еткен әулеттердің өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

🤝 Кітапты университеттің ғылыми кітапханасының қорына табыстаған Гүлжайнап Аманжанқызы Телишеваға алғыс білдіреміз. Ол – «Телішевтер әулетінің» ұрпағы, сондай-ақ бүгінде Атырау университетінің дамуына үлес қосып жүрген жан. 

✨ Еңбекпен өрілген әулет тарихы – ел тарихының бір бөлшегі. Осындай құнды еңбектер жас ұрпаққа еңбекқорлықтың, кәсібіне адалдықтың және туған жерге қызмет етудің маңызын дәріптейді.