Медиа ресурстар
Қытайда Каспий өңірінің тұрақты дамуына арналған ғылыми жоба ұсынылды
Жаңалықтар

Қытайда Каспий өңірінің тұрақты дамуына арналған ғылыми жоба ұсынылды

2026 жылғы 11–18 мамыр аралығында BR28713197 «Каспийдің орнықты инновациялар орталығы: өңірдің экологиялық тұрғыдан орнықты болашағына көшу үшін баламалы шешімдерді ғылыми-академиялық ілгерілету» (2025–2027 жж.) жобасы аясында жоба жетекшісі Г.К. Шамбилова, «Каспий» кешенді зерттеулер және мониторинг зертханасының меңгерушісі Г.Г. Жұматова, Химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.К. Кадашева және бірінші бағыттың жетекшісі А.С. Калауова Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен XIII «Gas Turbine Focus 2026 (GTF)» халықаралық конференциясы мен көрмесіне қатысты.

Іссапардың мақсаты заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелермен танысу, халықаралық тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту болды.

Сапар барысында делегация зертханалық және ғылыми жабдықтар өндіретін Shanghai Jingxin Industrial Development Co., Ltd. компаниясында болып, ғылыми зерттеулерде, экологиялық мониторингте, фармацевтикада және ауыл шаруашылығында қолданылатын заманауи зертханалық шешімдермен танысты.

Сонымен қатар жоба қатысушылары Шаньдун провинциясындағы Пинду қаласына барып, жылыжай кешендері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Кездесулер барысында көкөніс, көшет және жеміс-жидек дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары, сондай-ақ жылыжай өндірісін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері зерделенді.

Конференция аясында пленарлық отырыстарға, тақырыптық секцияларға және көрмеге қатысып, шетелдік ғылыми ұйымдар мен өндірістік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде жаңа кәсіби байланыстар орнатылып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды.

Іссапар қорытындысы бойынша заманауи ғылыми-техникалық жетістіктер туралы өзекті ақпарат жиналып, BR28713197 жобасын табысты іске асыруға қажетті тәжірибе мен практикалық материалдар толықтырылды