Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Әскери кафедрасының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында «Жайық» спорт кешенінде футболдан турнир өтті.
Турнирге 41433 әскери бөлімі, 5546 әскери бөлімі, «Сармат» мамандандырылған әскери мектеп-лицейі, Қорғаныс істері жөніндегі департамент, Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы және Әскери кафедра командалары қатысты.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы;
ІІ орын – 5546 әскери бөлімі;
ІІІ орын – Қорғаныс істері жөніндегі департамент командасы иеленді.
Сондай-ақ турнир барысында үздік ойыншылар арнайы марапатталды:
«Үздік қақпашы» – Әскери кафедра курсанты Қабдол Ильяс;
«Үздік ойыншы» – Физика және техникалық пәндер кафедрасының магистрі, оқытушысы Манас Бауыржанұлы;
«Үздік қорғаушы» – Әскери кафедра курсанты Нәсіпқалиев Алихан.
Аталған турнир әскери-патриоттық тәрбиені насихаттап, қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге өз үлесін қосты.