Медиа ресурстар
Атырау университетінің студенттері KMG Digital республикалық хакатонында топ жарды
Жаңалықтар

Атырау университетінің студенттері KMG Digital республикалық хакатонында топ жарды

 Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері KMG Digital республикалық хакатонында жүлделі орындарға ие болды!

 Университет студенттерінен құралған команда ғылыми жетекші, Физика, математика және қолданбалы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,  М05401-Математика және компьютерлік ғылымдар БББ 1-курс магистранты Асылбек Ғизатовтың жетекшілігімен І орын иеленді.

Команда құрамында:

• Жақсылық Бектас — «Бизнес-аналитика және IT-жобаларды басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;

• Амангелді Ғалымжан — «Бизнес-аналитика және IT-жобаларды басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;

• Өміртай Азамат — «Жүйелер мен желілерді әкімшілендіру» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;

• Файзуллаев Миржан — «Дизайндағы қолданбалы информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

Айта кетейік, аталған команда бұған дейін Ташкент қаласында өткен халықаралық AI-Hackathon байқауында университет намысын қорғап, халықаралық деңгейде технологиялық міндеттерді шешу бойынша құнды тәжірибе жинақтаған болатын.

Ал ІІ орынды «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Ізбасар Орынбасар мен Физика, математика және қолданбалы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,  7М05401-Математика және компьютерлік ғылымдар БББ 1-курс магистранты Асылбек Ғизатовтан құралған команда иеленді.

 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруларына, тың идеялар мен жарқын жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!