Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері KMG Digital республикалық хакатонында жүлделі орындарға ие болды!
Университет студенттерінен құралған команда ғылыми жетекші, Физика, математика және қолданбалы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Асылбек Ғизатовтың жетекшілігімен І орын иеленді.
Команда құрамында:
• Жақсылық Бектас — «Бизнес-аналитика және IT-жобаларды басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;
• Амангелді Ғалымжан — «Бизнес-аналитика және IT-жобаларды басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;
• Өміртай Азамат — «Жүйелер мен желілерді әкімшілендіру» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;
• Файзуллаев Миржан — «Дизайндағы қолданбалы информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
Айта кетейік, аталған команда бұған дейін Ташкент қаласында өткен халықаралық AI-Hackathon байқауында университет намысын қорғап, халықаралық деңгейде технологиялық міндеттерді шешу бойынша құнды тәжірибе жинақтаған болатын.
Ал ІІ орынды «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Ізбасар Орынбасар мен Физика, математика және қолданбалы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Асылбек Ғизатовтан құралған команда иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруларына, тың идеялар мен жарқын жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!