Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2025–2026 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясы 12–30 мамыр аралығында өтеді. Емтихан сессиясын ұйымдастыру Тіркеу офисі тарапынан академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Емтихан кестесі алдын ала Platonus жүйесінде жарияланып, білім алушылар мен оқытушылар назарына ұсынылады. Емтиханның өткізілу форматы, уақыты және нәтижелері туралы толық ақпарат https://asu-edu.kz платформасында қолжетімді болады.
Емтихандар жазбаша, ауызша, жоба қорғау, эссе жазу және компьютерлік тестілеу форматтарында өткізіледі. Білім алушылар емтиханға жеке куәлікпен келуі тиіс. Ең басты талап – академиялық адалдық қағидаларын сақтау.
Плагиат, шпаргалка қолдану, телефон пайдалану, Google немесе жасанды интеллект арқылы жауап іздеу – академиялық адалдықты өрескел бұзу болып есептеледі. Мұндай жағдайда студент емтиханнан шығарылып, «Ғ» бағасы қойылады.
Сонымен қатар емтихан кезінде университеттің ішкі тәртіп ережелері мен киім үлгісін сақтау міндетті. Компьютерлік сыныптарға артық заттар мен гаджеттерді алып кіруге рұқсат етілмейді.
Академиялық қарызы жоқ және рейтинг көрсеткіші 50 баллдан кем емес білім алушылар емтиханға жіберіледі. FX бағасын алған студенттер белгіленген тәртіпке сәйкес қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылып, білім алушылар әр пән бойынша апелляцияға өтініш бере алады. Өтініштер Platonus жүйесі арқылы қабылданады.
Емтихан сессиясы барысында туындаған сұрақтар бойынша арнайы Call-орталық жұмыс жасайды.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Асхат Ералыұлы
☎️ 27-63-30
📱 8 747 305 52 11
Тіркеу офисінің жетекшісі
Эльмира Куккузова
☎️ 27-63-37
📱 8 701 622 13 53 (WhatsApp)
🎓 Барша білім алушыларға сәттілік тілейміз!