📌 Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2025–2026 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясы 12–30 мамыр аралығында өтеді. Емтихан сессиясын ұйымдастыру Тіркеу офисі тарапынан академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
🖥️ Емтихан кестесі алдын ала Platonus жүйесінде жарияланып, білім алушылар мен оқытушылар назарына ұсынылады. Емтиханның өткізілу форматы, уақыты және нәтижелері туралы толық ақпарат https://asu-edu.kz платформасында қолжетімді болады.
✍️ Емтихандар жазбаша, ауызша, жоба қорғау, эссе жазу және компьютерлік тестілеу форматтарында өткізіледі. Білім алушылар емтиханға жеке куәлікпен келуі тиіс. Ең басты талап – академиялық адалдық қағидаларын сақтау.
⚠️ Плагиат, шпаргалка қолдану, телефон пайдалану, Google немесе жасанды интеллект арқылы жауап іздеу – академиялық адалдықты өрескел бұзу болып есептеледі. Мұндай жағдайда студент емтиханнан шығарылып, «Ғ» бағасы қойылады.
👔 Сонымен қатар емтихан кезінде университеттің ішкі тәртіп ережелері мен киім үлгісін сақтау міндетті. Компьютерлік сыныптарға артық заттар мен гаджеттерді алып кіруге рұқсат етілмейді.
📊 Академиялық қарызы жоқ және рейтинг көрсеткіші 50 баллдан кем емес білім алушылар емтиханға жіберіледі. FX бағасын алған студенттер белгіленген тәртіпке сәйкес қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
📌 Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылып, білім алушылар әр пән бойынша апелляцияға өтініш бере алады. Өтініштер Platonus жүйесі арқылы қабылданады.
📞 Емтихан сессиясы барысында туындаған сұрақтар бойынша арнайы Call-орталық жұмыс жасайды.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Асхат Ералыұлы
☎️ 27-63-30
📱 8 747 305 52 11
Тіркеу офисінің жетекшісі
Эльмира Куккузова
☎️ 27-63-37
📱 8 701 622 13 53 (WhatsApp)
🎓 Барша білім алушыларға сәттілік тілейміз!