Media Image
17.04.2026 14

«Сөз өнеріндегі өлкетану» атты әдеби кездесу кеші өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ұлттық кітап күніне орай «Сөз өнеріндегі өлкетану» атты жергілікті авторлармен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – туған өлкенің тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын оқырман қауымға таныстыру және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Кездесу кешінде ұстаздар, студенттер және кітап сүйер оқырмандар бас қосты. 
Шараға профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шахман Нағымов, Педагогикалық академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Журналистер одағының мүшесі Бақытжан Мусагали, Қазақстанның Құрметті жазушысы Төлеген Жанабайұлы, Атырау университетінің 2-курс магистранты, ақын Рақымжан Орынбасар және магистрант Жансая Сабырғалиева қатысты.
Іс-шара барысында жергілікті авторлар өз шығармашылық жолы мен еңбектері туралы әңгімелеп, қатысушылармен еркін пікір алмасты. Оқырмандар өз кезегінде қаламгерлерге сұрақтар қойып, мазмұнды сұхбат өрбіді.
Сонымен қатар шара аясында қатысушыларға жергілікті әдеби мұрамен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.

📷 Дополнительные изображения