«Изен тұқымдарын стратификациялау ғылым негіздері мен тәжірибелік маңызы»
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «ИЗЕН тұқымдарын стратификациялау ғылым негіздері мен тәжірибелік маңызы» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – изен өсімдігінің аридті және сортаң топырақты экожүйелердегі рөлін талқылау, оны сақтау және көбейтудің инновациялық әдістерін ғылыми тұрғыда саралау.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар изен өсімдігінің биологиясы мен оның өңір үшін маңызын, тұқымдардың өнімділігін арттыру әдістерін (стратификация), сондай-ақ ғылыми мониторинг пен зертханалық зерттеулер нәтижелерін кеңінен талқылады. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шаралар да назардан тыс қалмады.
Жиынға ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Болат Мұхамбетов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Хансұлу Куспангалиева қатысып, өз ғылыми тәжірибелерімен бөлісті.
Шара қорытындысында қатысушылар изен өсімдігін тиімді пайдалану, оны сақтау және көбейту бағытында ғылыми негізделген ұсыныстар айтып, бұл бағыттағы зерттеулерді одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
📷 Дополнительные изображения