Media Image

18 наурыз 2025

Ұлттық киім шеруіне Атырау университет ұжымы қатысты

Бүгін Атырау қаласында өткен Ұлттық киім күніне арналған мерекелік шеруге Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы белсене қатысты.

Шара барысында университет басшылығы мен профессор-оқытушылары қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық мәдениетіміздің айшықты бейнесін көрсетті.

Осы игі бастаманы қолдап, ұлт мәдениетінің дамуына үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!