Бүгін Атырау қаласында өткен Ұлттық киім күніне арналған мерекелік шеруге Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы белсене қатысты.
Шара барысында университет басшылығы мен профессор-оқытушылары қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық мәдениетіміздің айшықты бейнесін көрсетті.
Осы игі бастаманы қолдап, ұлт мәдениетінің дамуына үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!