Hong Kong Metropolitan University-мен ынтымақтастықты дамыту
19.12.2025
60
Кеше Hong Kong Metropolitan University өкілдерімен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында аталған университет 2026–2027 оқу жылында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің География және туризм кафедрасынан екі білім алушыға академиялық ұтқырлық ұйымдастыру бастамасын білдірді.
Сонымен қатар, Hong Kong Metropolitan University өкілдері университетіміздің профессор-оқытушылар құрамын 2026 жылғы 23–24 сәуірде өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, келесі жылы Hong Kong Metropolitan University өкілдерінің Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне іскерлік сапармен келуді жоспарлап отырғаны атап өтілді, бұл ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылауға мүмкіндік береді.