Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Illinois Institute of Technology арасындағы академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

19.12.2025 13

2025 жылғы 18 желтоқсанда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Illinois Institute of Technology арасында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту мүмкіндіктеріне арналған жұмыс онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар білім беру бағдарламалары, ғылыми бағыттар және халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі жөнінде ақпарат алмасып, қысқамерзімді алмасу бағдарламалары, бірлескен онлайн-курстар, сондай-ақ оқытушылардың ғылыми-зерттеу және академиялық жобаларға қатысуы сияқты ықтимал ынтымақтастық форматтарын талқылады.

Сонымен қатар пәндерді өзара тану, академиялық ұтқырлық қатысушыларына көрсетілетін қолдау және ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасу перспективаларына ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, бірлескен бастамаларды іске асырудың нақты тетіктерін пысықтау үшін жұмыс деңгейінде өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

file