Жаңалықтар

ORHUN 2026-2027 академиялық ұтқырлық бағдарламасы

13.03.2026 11

ORHUN 2026-2027 академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Орхун бағдарламасы арқылы Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан жоғары оқу орындарында 2026-2027 күзгі және көктем мезгіліне 1 семестрге оқуға қабылдау жарияланғанын хабарлаймыз!
Басты критерий:
•GPA 2.5 төмен емес
•Қабылдайтын университеттің талабына сәйкес оқу тілін білуі (түрік, кейбір университетте ағылшын, орыс болуы мүмкін)
•Игерілмей қалған кредиттер болмауы.

Бөлінетін бюджет есебі:
-1 семестр тегін оқу (5 ай)
-жатын орын (баратын университетке байланысты)
-тамақ (баратын университетке байланысты)

🔹Іріктеу 2 этаптан тұрады.
1 этап: құжаттар жинау. Берілетін уақыт - 03 наурыз бен 15 наурыз арасы. Бұл этап кезінде барлық қажетті құжаттар болуы шарт. Бір құжат жетіспесе, келесі турға кандидат жіберілмейді.
2 этап: комиссиямен тіл деңгейін тексеруге интервью (арнайы белгіленеді)

*Академиялық ұтқырлық бағдарламасына грант және ақылы негіздегі бакалавр/магистратура студенттері өтініш бере алады.

*Өтініш бере алады:
Бакалавр
-1 курс
-2 курс
Магистратура
-1 курс

Қажетті құжаттар:
Студенттер үшін
1.ZIP папка
2.Жеке куәлік
3.Шетел паспорты (болмаса жеке куәлік)
4.Транскрипт 3 тілде (платонустан)
5.Оқу туралы анықтама 3 тілде (платонустан)
6.Түрік тілі және ағылшын тілі бойынша деңгей курсынан сертификат (бар болса)
7.Диплом, алғыс хат, сертификат (көшірмелері)
8.Анкета (үлгі)
9.Мотивациялық хат түрік және ағылшын тілінде (үлгі)
10.Сотталмағаны жөнінде анықтама (еговтан)
11.Психатрия-психикалық туралы анықтама (еговтан)
12.Наркология орталығынан анықтама (еговтан)
13.Orhun бағдарламасына арналған арнайы 2 анкета

8,9 және 13 пункттер бойынша үлгілерді “Applications” атты инстаграм сторис арқылы Google.doc жүктей аласыздар. Сонымен қатар, бөлінген университеттер мен орындарды осы бөліктектегі Word кестеден қарай аласыз (Applications>Orhun). Кандидат бір ғана оқу орнына тапсыра алады. Барлық құжаттар international_office@asu.edu.kz электронды поштаға “Orhun бағдарламасы” деп жіберілуі қажет.

Қажетті құжаттар:
Оқытушылар үшін
1.ZIP папка
2.Жеке куәлік
3.Шетел паспорты
4.Түрік, ағылшын тілі бойынша деңгей курсынан сертификат (бар болса)
5.Анкета (үлгі)
6.Дәріс оқу үшін программа жоспар (үлгі)

file
file
file
file