«Биотехнология» орталығы
Негізгі функциялары
•Биология ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
•Ғылым мен техниканың негізгі басымдықтары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
•Биология және биотехнология саласындағы халықаралық, мемлекеттік, салалық және өңірлік зерттеу жобалары мен бағдарламаларына қатысу;
•Отандық және шетелдік серіктестермен бірлесіп, қызметкерлердің ғылыми-кәсіби деңгейін арттыруды ұйымдастыру;
•Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының рұқсаты негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі міндеттері
•Табиғи микроорганизмдер арасынан пробиотиктердің ең перспективалы штаммдарын зерттеу;
•Сапалық тұрғыдан жаңа негіздегі жаңа пробиотиктерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу;
•Тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін табиғи штаммдарды және мал шаруашылығы үшін жаңа пробиотиктерді алу;
•Сүт қышқылды өнімдер өндірісі үшін ашытқылар жасау;
•Сүт қышқылды бактерияларды қышқыл түзуші және антибиотикалық белсенділігі бойынша селекциялау;
•Таңдалған негізгі дақылдардың микроорганизмдері негізінде микроорганизмдер коллекциясын құру;
•Магистранттар мен студенттерді зерттеу қызметіне тарту үшін жағдай жасау;
•Студенттердің, магистранттардың және мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғылыми-практикалық сүйемелдеу жасау;
•Қазақстандық және шетелдік биотехнологиялық зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
•Орталық аумағында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу;
•Сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған микроорганизмдер селекциясының практикалық мәселелерін шешу үшін биотехнология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
«Биотехнология» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі
Биология ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Софья Зұлхарнайқызы